2022 жылдың 27 тамызында «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектебі» КММ-де "Мектеп: кеше, бүгін, ертең" атты тақырыбында педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Педагогикалық кеңес мектептегі өзін-өзі басқарудың маңызды нысаны болып табылады, оған барлық педагог қызметкерлердің қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кеңес мектеп қызметінің жетекші бағыттарын айқындайды, оның барысында оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, жұмыс жоспарлары талқыланады, мектеп басшылығының қызметіне, мұғалімдерге, жалпы педагогикалық ұжымға баға беріледі, ұйымдастырушылық мәселелер шешіледі.
2022 жылдың 27 тамызында «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектебі» КММ-де "Мектеп: кеше, бүгін, ертең" атты тақырыбында педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1. Өткен оқу жылындағы барлық бағыттардың жұмысын талдау 2. 2022-2023 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері 3. ЕББҚ оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері 4. Жаңа оқу жылында мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері 5. Әдістемелік жұмыс 6. Сырттай-кешкі бөлімнің ерекшеліктері 7. "2022-2023 оқу жылындағы пәндерді оқытудың ерекшеліктері" тәжірбиелік жұмысы 8. Әртүрлі
Педкеңес жақсы өтті. Нәтижесінде барлық ақпарат назарға алынды, мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша педагогикалық кеңестің шешімдері бірауыздан қабылданды, жаңа оқу жылына жоспарлар белгіленді.